2026 жылғы 20 наурызда Жамбыл облыстық нотариаттық палатасында Сыргабаева Латипа Конысбековнаның төрағалығымен нотариустардың жалпы жиналысы өтті.
Күн тәртібі аясында нотариат қызметінің өзекті мәселелері қаралып, олар бойынша дауыс беру арқылы тиісті шешімдер қабылданды.
Жиналыс аяқталғаннан кейін, Нотариаттық палатаның бастамасымен «Той шашу» мейрамханасында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты кеш ұйымдастырылды.
Қонақтарға дәстүрлі наурыз көже ұсынылып, сондай-ақ түрлі байқаулар мен концерттік нөмірлерге толы мазмұнды бағдарлама дайындалды. Мерекелік көңіл-күйді нотариустардың өздері де ән айтып, өнер көрсету арқылы ерекше әрледі. Сонымен қатар, нотариустардың балалары да концерттік нөмірлермен өнер көрсетті.
«Наурыз — көктем келгенде» атты өлеңді Шанбаева Шолпан Рақымқызының қызы — Ержан Аяла оқыды. Ал қобызда әсерлі күйді Бурлибаева Жанна Джанбулатқызының қызы — Қайнарқызы Дамеля орындады.
Кештің көркі ретінде қазақтың ұлттық «Бесікке салу» дәстүрінің сахналық көрінісі ұсынылды. Бұл рәсімді өткізу үшін ардақты да дана үлкендер — Венера Төлегенқызы, Күлзираш Жұматаевна, Бибігүл Үстемханқызы шақырылды. Аталған дәстүр нәрестеге қамқорлық көрсетуді, оған ақ батасын беріп, бақытты өмір тілеуді және ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын салт-дәстүрлерді дәріптеуді білдіреді.
Кешке қатысушылардың барлығы ұлттық киімде келіп, бұл шараға ерекше көрік беріп, дәстүрге деген құрметті айқындай түсті.
Салтанатты кештің құрметті қонақтары ретінде Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы мен басшысының орынбасары қатысты.
Кеш жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады.
20 марта 2026 года в Нотариальной палате Жамбылской области состоялось общее собрание нотариусов под председательством Сыргабаевой Латипы Конысбековны.
В рамках повестки дня были рассмотрены актуальные вопросы деятельности нотариата, по которым приняты соответствующие решения путем голосования.
После завершения собрания, по инициативе Нотариальной палаты, в ресторане «Той шашу» был организован торжественный вечер, посвящённый празднику Наурыз.
Для гостей было подготовлено праздничное угощение, включая традиционное наурыз коже, а также насыщенная программа с конкурсами и концертными номерами. Особую атмосферу праздника создали сами нотариусы, выступив с музыкальными номерами. Также с концертными номерами выступили дети нотариусов.
Стихотворение «Наурыз — когда пришла весна» прочитала дочь Шанбаевой Шолпан Ракымовны — Ержан Аяла. Трогательное выступление на кобызе исполнила дочь Бурлибаевой Жанны Джанбулатовны — Қайнарқызы Дамеля.
Украшением вечера стал сценический показ казахского национального обряда «Бесікке салу». Для его проведения были приглашены уважаемые и мудрые старшие: Венера Тулегеновна, Кулзираш Жуматаевна, Бибигуль Устемхановна. Этот обряд символизирует заботу о младенце, благословение на счастливую жизнь и передачу традиций от старшего поколения к младшему.
Все участники вечера пришли в национальной одежде, что придало мероприятию особый колорит и подчеркнуло уважение к традициям.
Почётными гостями мероприятия стали руководитель и заместитель руководителя Департамента юстиции Жамбылской области.
Вечер прошёл в тёплой, дружеской атмосфере, подарив всем участникам яркие эмоции и праздничное настроение.









